14:36, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда Ленинградтың құрсаудан босатылғанына 65 жыл толуына орай қайырымдылық акциясы өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда қаңтардың 21-і мен 28-і аралығында «Ленинградтың ерлігі» деректі фильмінің көрсетілімі болады. Бұл қайырымдылық акциясы батыр-қала Ленинградтың құрсаудан босатылғанына 65 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат іс-шараны ұйымдастырушы ? Алматы әкімдігі мен «Қазақкинофест» және SilkWayCity компанияларына сілтеме жасай отырып. Ұлы Отан соғысы кезіндегі фашистік Германия әскерінің қоршауында қалған Ленинград қаласы тұрғындарының ерліктері жайында бүкіл әлем біледі. Бұл ержүректік пен отансүйгіштіктің адамзат тарихындағы ең жарқын үлгісі: 1941 жылдың қыркүйегінде басталған құрсау 900 күнге созылғаны белгілі. «Ленинградтың ерлігі» фильмі осы қаланың сол жылдардағы ауыр ахуалын, оның тұрғындарының ержүректігін көрсетеді. Фильм 1959 жылы Лениград кинохроника студиясында түсірілген. Режиссерлері - Валерий Соловцов пен Ефим Учитель.