Алматыда Lexus пен мотоцикл соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Lexus пен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлады «Қазақстан байкерлері» қауымдастығынан.

 Алматыда Lexus пен мотоцикл соқтығысты

Оқиға 21 тамызда Төле би мен Фурманов қиылысында сағат 01.00-де орын алды. Куәгерлердің айтуынша, мотоцикл Фурманов көшесі бойымен оңтүстік бағытқа қарай бағдаршамда жасыл белгі жанып  тұрғанда өтіп кеткен. Сол сәтте Lexus көлігі бағдаршамның қызыл белгісін елемей, Төле би көшесінен бұрылып, мотоциклмен соқтығысты.

Қатты соққыдан мотоциклші бірнеше метрге ұшып барып, асфальтқа құлады. Біраз уақыт ес-түссіз жатты, есін жиған кезде бір ауыз сөз айтпады, сұраққа да жауап бермеді.

Ол ауруханаға жеткізілді. Мойны жырылып, аяғы мен қабырғасы сынған, отаны қажет етеді.

Куәгерлер Lexus көлігінің жүргізушісі мас болуы мүмкін екенін, оның зардап шекпегенін айтты.

null null