Алматыда лицензиясыз дәрі сатқандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы базарларында заңсыз дәрі сатқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы дәрілерді заңсыз сатқандарды ұстау бойынша жұмыс жалғастырып жатыр.

Рейд барысында Алматыдағы базарлардың бірінде бутиктерде дексаметазон, цефтриаксон, диклаберл дәрілері сатылып жатқаны анықталды. Бұл бутик иесінде фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензия жоқ болып шыққан.


Заңсыз сауда айналымынан құны 3 млн теңге болатын 100 қаптама дәрі тәркіленді.

Осындай заңсыз сауда орындары «Сәлем» базарынан да табылды.

Сатушы дәрілерді фискалды чексіз қымбат бағаға сатып отырған.

Одан бөлек Бостандық ауданында екі әйел интернет алаңы арқылы Қытайда жасалған антибиотиктерді Қазақстанға әкеп сатумен айналысқан.

Олар 428 қаптаманы 1 млн 498 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды.


Соңғы жаңалықтар