Алматыда лифтіні тепкілеген ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда лифтіні тепкілеген ер адам өзінің іс-әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда лифтіні тепкілеген ер адам ұсталды

Алматы қалалық gолиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған адамды анықтады.

Ол - 2002 жылы туған С.есімді азамат.

«Оның әрекеттері ҚР ӘҚбК 434 бабы, 1 бөлігі бойынша квалификацияланған. Ол туралы тиісті материал жинақталды және шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Ол өзінің іс-әрекетін досының өлімі туралы жаңалықтан кейін ашуланғандығымен түсіндірді», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Біз бұған дейін тәртіп сақшылары Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкілеген ер адамды іздестіріп жатқанын жазған болатынбыз.