Алматыда лимузиндер шеруі болды

21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда тұңғыш рет лимузиндер шеруі болып өтті.

Алматыда  лимузиндер шеруі  болды

«Моя свадьба» журналының ұйымдастыруымен өткен шараға енді тұрмыс құрамыз деп жүрген ғашық жастар қатысты. Олар қаланың әсем жерлерін лимузинмен аралап, естелік фотосуретке түсті. Жас қалыңдықтарға гүл шоқтары табысталды. Шеруге жалпы саны 10-15-тей лимузин қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2011 жылы мамыр айында 30-дан аса лимузиннан тұратын үлкен шеру ұйымдастырылмақ.

«Бұл шара біздің журналымыздың біржылдық мерейтойына орай тұңғыш рет өткізіліп отыр. Біз бұған дейін үйленеміз деген жастарға байқау жариялаған болатынбыз. Сол байқаудың жеңімпаздары бүгін арнайы шақырылды», -деді жобаның жетекшісі Әсел Ыдрысова.