Алматыда лимузиндер шеруі болып өтті
АЛМАТЫ. 21 Желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін Алматыда тұңғыш рет лимузиндер шеруі болып өтті.
«Моя свадьба» журналының ұйымдастыруымен өткен шараға енді тұрмыс құрамыз деп жүрген ғашық жастар қатысты. Олар қаланың әсем жерлерін лимузинмен аралап, естелік фотосуретке түсті. Жас қалыңдықтарға гүл шоқтары табысталды. Шеруге жалпы саны 10-15-тен аса лимузин қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2011 жылы мамыр айында 30-дан аса лимузиннен тұратын үлкен шеру ұйымдастырылмақ.
«Бұл шара біздің журналымыздың бір жылдық мерейтойына орай тұңғыш рет өткізіліп отыр. Біз бұған дейін үйленеміз деген жастарға байқау жариялаған болатынбыз. Сол байқаудың жеңімпаздары бүгінгі шеруге арнайы шақырылды», - деді жобаның жетекшісі Әсел Ыдырысова.