Алматыда М. Мырзахметұлының 80 жылдығы аталып өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абайтанудың жаңа кезеңі және М. Мырзахметұлы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Алматыда М. Мырзахметұлының 80 жылдығы аталып өтті

Конференция ҚР Мемлекеттік және «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Конференцияға университет ректоры Серік Пірәлиевпен бірге белгілі ғалымдар, жазушылар, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер және басқалар қатысты. Жиында М. Әуезов негізін салған абайтану ғылымына жаңа дәуірде М. Мырзахметұлының қосқан ғылыми жаңалықтары талданып, оны ғылыми ортаға өнеге ету қажеттілігі әңгіме болды.