Алматыда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006-2008 жылдары жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ақпанның 24-інде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2006-2008 жылдары бейнелеу өнері, музыка, театртану салалары бойынша жарық көрген іргелі еңбектер топтамасының тұсаукесері өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутына сілтеме жасап.Таныстырылым рәсімінде «Қазақ музыкасы.Антология» 5 томдығы, «Қазақ өнерінің тарихы» қазақ-орыс тілдеріндегі 3 томдығы, А.Затаевичтің «Қазақтың 500 ән, күйі», театртану саласы бойынша «Театр туралы толғаныстар», «Қазақ опера өнері», «Сөз» 2 томдық еңбектері және тағы басқа, жалпы саны 27 кітап жұртшылық назарына ұсынылмақ.
Соңғы жаңалықтар