Алматыда мәдениет саласындағы шығармашылық жобалар байқауы өтеді

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мәдениет басқармасы 2013 жылы жүзеге асыру үшін  18 қаңтарға дейін мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобалар байқауына  өтініштер қабылдайды.
None
None

Басқарма қызметкері Галина Корецкаяның айтуынша, байқаудың мақсаты - Алматы қаласының мәдени өміріне барлық азаматтарды тартуға ықпал ететін мәдени және шығармашылық бастамаларды қолдау. Сондай-ақ балалар шығармашылығын дамыту, заманауи қазақстандық өнерді қала тұрғындарына насихаттау және мекемелер, мемлекеттік мәдени ұйымдар, және жеке, тәуелсіз шығармашылық ұйымдар  арасында серіктестік қатынас құру.

«Байқау бағыттары тізіміне: балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру; музей ісін дамыту; әдебиет және кітапхана ісін дамыту; театр, музыка, би; бейнелеу, дизайн, декоративті-қолданбалы өнері; кинематография және жоғарыда аталған бағыттардың бірнешеуін қамтитын жобалар еніп отыр. Оған 20-30 миллион теңге қаржы қарастырылды.  Дегенмен бұл жоғары шек емес екенін ескерте кеткен артық болмас», - дейді Г.Корецкая.

Соңғы жаңалықтар