Алматыда «Махаббат маусымы» мүшәйрасы өтеді

АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамыр айында «Жас қазақ үні» газетінің ұйымдастыруымен «Махаббат маусымы» мүшәйрасы өтеді.
None
None

«Қазір жастар арасында Валентин күнін тойлау белең алды. Осыны ұлттық бағытқа бұру мақсатымен газетке Серік Аббас-Шахтың 15 сәуір күнін махаббат күні ретіне атап өту туралы ұсыныс мақаласы шыққан болатын. Осыған байланысты қолдау да, қарсы шыққандар да болды. Бірінші осы ұсынысты, екіншіден ақындарды қолдау мақсатында мүшайра ұйымдастырғалы отырмыз. Өйткені көп ақынның ең алғашқы өлеңі махаббаттан басталады»,- дейді «Жас Қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса.

Оның айтуынша, мүшәйраға кез келген жастағы ақын қатыса алады. Талап бойынша өлең көлеміне шек қойылмайды, тек жаңа жазылған жырлар болуы тиіс. Өлеңдерді қабылдау 15 мамырда аяқталады. Қорытындысы көктемнің соңғы күндері, яғни мамыр айының аяғында шығарылады.

Бас жүлдеге ие болған ақынға «Тұран» баспасы жыр жинағын шығарып бермек. Қалған жүлдегерлердің жырлары «Махаббат маусымы» жинағына кіргізілетін болады. Сонымен қатар «Жас Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында жарық көрмек.

Үміткерлер өз өлеңдерін «Жас қазақ үні» газетінің редакциясына немесе мүшайраның www.mushaira.qazaquni.kz атты арнайы сайтына жолдай алады. Мүшәйраны өткізу идеясының авторы Аршат Оразовтың айтуынша, үміткерлердің өлеңдері осы сайтта жарияланады. Оқырмандар сайт арқылы ұнаған өлеңге дауыс беріп, пікір қалдыра алады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум