Алматыда Мақпал Исабекованың жеке концерті өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең Алматыда Мақпал Исабекованың жеке концерті өтеді. Осыған орай жас әнші бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, өзінің жоспарларымен бөлісті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның продюсері Ерік Тастембековтың сөзіне қарағанда, ертеңгі кеш Мақпал Исабекованың 2-ші жеке концерті.«Орындалатын әндердің барлығы жаңа, сондай-ақ жаңа дуэтпен де бірнеше ән айтылады», - дейді Е.ТастембековМ.Исабекова 2003 жылы өткен «Superstar.kz» байқауы танымал еткен жас жұлдыздардың бірі. Бүгінде «Мен жайлы», «Алғашқы сүйісу», «Менің хитім 1», «Менің хитім 2» альбомдарын шығарды, ресейлік «Жаңа толқын» байқауына қатысты. 2006 жылғы «Тарлан» сыйлығының иегері. М.Исабекованың айтуынша, ертеңгі концертке Роза Рымбаева, ресейлік Сергей Жуков, Доминик Джокер және елімізге танымал өзге де бірқатар әншілер қатысады.
Соңғы жаңалықтар