Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтеді
АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 28-30 наурыз аралығында Luxor Wellness-клубында 1999-2005 жылғы балалар арасында Мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтеді.
Алматы қалалық «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің (ДШСҚ ОК) ұйымдастыруымен, осымен екінші рет өтетін спорттық шараға еліміздің әр облысынан 150-ден астам бала қатысады.
Шараның мақсаты - жас жеткіншектер арасында спорттың мәнерлеп сырғанау түрін кеңінен насихаттап, дамуына үлес қосу, сонымен қатар жас ұрпақтың денешынықтыру болмысын қалыптастыру, жалпы көпшілікті спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру болып табылады.