Алматыда мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді
АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Алматы қаласында ағымдағы жылдың 24-26 ақпаны аралығында қыздар мен жігіттер арасында мәнерлеп сырғанаудан Mega Ice клубының біріншілігі өтпек.
Жарыстың мақсаты - мәнерлеп сырғанау спортын насихаттау, салауатты өмір салтына баулу мен клубтың талантты спортшыларын анықтау, делінген Mega Ice баспасөз баянында.
Мәнерлеп сырғанау біріншілігіне Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Ташкент қалаларынан жалпы саны 12 спортшы қатысады деп күтілуде.
Жарыс қорытындысына сай жеңімпаздар анықталып, медальдар тыбыс етілмек.
Аталмыш шара Алматы MEGA орталығының Mega Ice мұз айдынында өтпек.