Алматыда мас ер адам кездейсоқ жолаушыны пышақтап тастады

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда мас ер адам кездейсоқ жолаушыны пышақтап тастады, деп хабарлады қаланың iшкi iстер департаментiнiң баспасөз қызметi.

Алматыда мас ер адам кездейсоқ жолаушыны пышақтап тастады

Түн ортасында Төле би мен Саин көшелерінің бұрышында үш жас жігіт жолдың өтетін бөлігінде тұрған ер адамды көреді. Жігіттер оған жақындап келіп, жол жиегіне шығып тұруды ұсынады.

Ер адам мас болған. Ол қалтасынан пышақ шығарып, жастардың бірінің жүрегіне үш рет сұғып алады. 25 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Ащы суға сылқия тойып алған қылмыскерді «Боран-070» патрульдік экипажы ұстады. Қанішер 24 жастағы «Ақбұлақ» шағын ауданының жұмыссыз тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің мас болуы оның жазасын ауырлататыны аталып өтуде.