Алматыда мас жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші аялдамада тұрған 61 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға таңғы 7-де Алмалы ауданында болған.

«Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда Чайковский көшесіне жетпей автобус аялдамасын соққан. Аялдамада тұрған 61 жастағы әйел ауыр жарақат алды.

Соның артынан шетте тұрған «Тойота Камри» көлігін соғып барып аударылып қалған.

Әйел адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Басқа жапа шеккендер жоқ.


«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді ПД баспасөз қызметінен.


Әлеуметтік желілерден алынған фото
Соңғы жаңалықтар