Алматыда мас жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Жол апаты Төлеби мен Розыбакиев көшесі қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes Төлеби көшесімен шығысқа бағытталып бара жатып, көлік тізгінінен айрылып қалды. Соның салдарынан Mercedes жолдағы Audi көлігін соғып кетіп, Toyota Highlander-ді қағып тоқтаған.
Toyota Highlander жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп Chevrolet көлігін қақты. Жол апатынан Mercedes жүргізушісі мен Toyota Highlander-дегі екі адам зардап шекті.
Кейін белгілі болғандай, Мерседес жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген.