Алматыда маска режимін бұзғаны үшін 3 мыңға жуық адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда маска режимін бұзғаны үшін 3 мыңға жуық адамға айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мониторинтік топтар ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап, 7550 нысанды тексерді, олардың ішінде 2952 обьектінің карантин және маска режимін бұзғаны анықталды. Рейд барысында мамандар 4496 субъектіде түсіндіру жұмыстарын жүргізді, 696 нысан жұмыстарын өз еріктерімен тоқтатты. Әкімшілік құқықбұзушылық негізінде 3150 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға - 126, жеке тұлғаларға 3003 айыппұл салынды. Маска режимін бұзғандары үшін 2952 адам 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Қалалықтар режим талаптарын бұзғандар туралы infokazakhstan.kz порталы арқылы хабарлай алады. Кез-келген ғимарат ішінде тиісті талаптардың бұзылғандығын суретке түсіруге және жіберуге болады. Осы арқылы кәсіпкер мониторинтік топ келгенше кемшіліктерді түзей алады. Бұл да белгіленген нормалардың сақталуын ынталандыруға ықпал ететін болады.


Соңғы жаңалықтар
telegram