Алматыда математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы VІ Халықаралық олимпиада өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қаңтар айының 11-і мен 17-сі аралығында математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы VІ Халықаралық олимпиада өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ұйымдастырушылар «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Орынбек Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаты. ҚР Ғылым және білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімінің қолдауымен өтетін дәстүрлі олимпиадаға 16 елден 289 қатысушыдан тұратын 46 команда қатысады. Қазақстаннан 6 команда - Алматы қаласынан 2, Республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернатынан 21 қатысушыдан тұратын 3 команда қатысады.

«Олимпиаданың мақсаты - оқушылар арасында физика-математика ғылымын насихаттау, халықаралық байланыстың дамуы, басқа елдердің мамандандырылған мектептерімен достық қарым-қатынас орнату, олимпиаданы ұйымдастыру әрі өткізу тәжірибелерімен алмасу және «Физика-математикалық білім арқылы ұлы достыққа» деп олимпиада ұраны айтып тұрғандай, Қазақстанның білімі мен мәдениеті деңгейін басқа елдерге көрсету болып табылады», дейді олимпиаданың бас үйлестірушісі Архат Долаев. Оның айтуынша, биылғы жылы сарапшылардың құрамын Болгария, Ресей, Беларус, Грузия, Армения, Өзбекстан, Украина және Қазақстан мамандары, сонымен қатар әр жастағы республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары, Қазақстанның ірі оқу орындарының студенттері толықтырады.

Соңғы жаңалықтар