Алматыда майдангерлер шеруі өтті

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Отан қорғаушы және Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай Алматыда соғыс және еңбек ардагерлері, жауынгер-интернационалистер және Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерінің шеруі өтті.
None
None

Бұл туралы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен хабарлады.

Аталмыш департамент қызметкері Ш. Хусаинованың айтуынша салтанатты шараға алғаш рет осы өңірдегі 10 түзеу мекемесінің жеке құрамы қатысты.

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Бакытжан Садыбеков ардагерлерге алғыс айтты. Ал «Намыс» шұғыл әрекет ету тобының қызметкерлері мен кинологтар өз кәсіптерінен хабардар етер шаралар ұйымдастырды.

Ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыс етіліп, дастархан жайылды.

Салтанатты шара барысында Қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлері Отанға адалдық антын қабылдады.

Соңғы жаңалықтар