Алматыда майлы және дәнді дақылдарды өсіру технологиялары талқыланады
АЛМАТЫ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда 14-15 маусым күндері «Майлы, дәнді-бұршақты дақылдарды өсірудің келешектегі технологиялары және топырақ құнарлылығын реттеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болатын бұл шара көрнекті ғалым, ұстаз және жоғары ғылыми мектептің негізін салушылардың бірі Рахымжан Елешевтің 75 жылдық мерейтойына арналып отыр. Оған Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан, Әзірбайжан ғалымдары қатысады деп жоспарлануда.
Конференцияда «Майлы және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру технологиясы және селекциясы мен тұқым шаруашылығы», «Топырақ құнарлылығы және экология» деген тақырыпта секциялық жиналыстар мен online жүйесі бойынша мәжіліс өтеді.