Алматыда майнингтік ферма анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Алматы индустриялық аймағында орналасқан «майнингтік» ферманы анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу сотының санкциясымен жүргізілген тінту барысында 6 контейнерде майнингттік фермаларында криптовалютаны өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700-ден астам жабдық анықталып тәркіленген болатын.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.