Алматыда Mazda көлігі жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Mazda маркалы көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Көлік жүргізушінің сөзіне қарағанда, ол Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатқан, кенеттен көлік жүрмей тоқтап қалған. Ол машинаны бірнеше рет оталдырып көрген кезде, автокөліктің мотор бөлігі жана бастаған. Оған жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер көмекке келген.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала белгілі болғандай, көліктің алдыңғы бөлігі толық жанып кетті.

Соңғы жаңалықтар