14:39, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Алматыда «Медеу-2010» халықаралық марафоны өтеді
АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы маңындағы тау бөктерінде «Бірлігіміз жарасқан» шарасы аясында «Медеу 2010» халықаралық марафоны өтеді. Медеу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтетін шараның басты мақсаты - 2011 жылы өтетін Азия ойындары мен салауатты өмір салтын насихатау.

Марафон Кіші Алматы аңғарынан Бутаковка сайы - «Алтын тай» спорт кешеніне дейін жетіп, кері бағытта «Медеу» спорт кешенінде аяқталады. Марафонға әйелдер 18-34, 35-49, 50 жастан жоғары, ерлер 18-34, 35-49, 50-59, 60-64, 65 және одан жоғары жастар арасында өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ «Ең жас қатысушы», «Ең әдемі қатысушы», «Ардагер-қатысушы», «Ерлігі үшін» сынды арнайы жүлделер берілмек. Халықаралық марафон биыл 13-ші рет өткізіледі. Биылғы жылғы шараға 1998 жылы өткен бірінші марафонды ұйымдастырушы, неміс кәсіпкері Йорг-Ульрих Кноблох қатыспақ.