Алматыда Медеу ауданының әкімі ең үздік жаңа жылдық безендіру байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Ы. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі  бүгін «Жаңа жылдық өрнек» атты ең үздік жаңа жылдық безендіру байқауының жеңімпаздарын марапаттады,

Алматыда Медеу ауданының әкімі   ең үздік жаңа жылдық безендіру байқауының жеңімпаздарын марапаттады

         деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

         Байқау қараша айының  25-де, жаңа 2010 жылды қарсы алу аясында жарияланып, «Ең үздік жаңа жылдық ғимарат қасбеті», «Ең үздік жаңа жылдық дүкен витринасы», «Ең үздік әлеуметтік сала нысандары», «Ең үздік аумағына қарасты ауланың безендірілуі» аталымдары бойынша өтті. Байқауға аталмыш ауданның барлық ұйымдары қатысты. Байқаудың мақсаты - Жаңа жылдық мерекенің алдында дайындықты ынталандыру, ең үздік көркем-безендірілген нысандарды анықтай отырып, ауданның жаңа жылдық безендірудің эстетикалық әдемілігін қалыптастыру, аудан тұрғындарын, мекемелер мен ұйымдарын жаңа жылдық рәсімдеуге тарту, Жаңа жылдың алдында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау болып табылады

         «Жаңа жыл - көпшіліктің күтетін,  мерекелік көңіл-күй сыйлайтын мейрамы. Осындай іс-шаралар, қаламыздың әдемі безендірілуі, жаңа жылға сай рәсімделуі, жарқырап жанған ғимараттар мен шыршалар бүкіл халықтың көңілін көтереді деп ойлаймын», деді Медеу ауданының әкімі Махамбет Бейдәлі.

         Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталып, қалалық байқауға жолдама алды.