Алматыда Медеу ауданының әкімі тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін қалалық мәслихаттың VI кезектен тыс сессиясында Медеу ауданының әкімін тағайындады. Аталған лауазымға Ержан Жылқыбаев ұсынылды.
None
None

«Медеу ауданында 200 мың адам тұрады. Бұл қала халқының 12 пайызы. 22 мың студент тұрады. Мұнда Медеу, Шымбұлақ негізгі нысандары, 60 мәдени нысан орналасқан. Аудан 400 млрд теңге көлемінде табыс әкеледі. 109 млрд инвестиция және бар», - деді Б.Байбек.
Мәслихат депутаттары Ержан Жылқыбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Қала басшысының айтуынша, ауданның экс-әкімі Сұлтанбек Мәкежанов өзінің денсаулығына байланысты жұмыстан кету туралы арыз жазған.
Ержан Жылқыбаев 1982 жылы ОҚО-да дүниеге келген. 2003-2004 жылдары ОҚО экономика департаментінің бас маманы, 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім басшысы, 2007-2009 жылдары Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі, 2009 жылы ШҚО әкімінің көмекшісі, 2014-2016 жылдары ҚР Президенті әкімшілігі бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар