Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

 Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда  өтіп жатыр

. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырып отыр.  Оған  еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласын зерттеуші көрнекті ғалымдар, жас ізденушілер және Орталық Азия халықтарының этномәдениетін зерттеуші шетелдік ғалымдар мен визуальды коммуникация саласының белгілі мамандары қатысуда. Конференция кезінде елдің интеллектуалды әлеуетін арттыру - мемлекеттік саясаттың басты векторы; Қазақстандық БАҚ интеллектуалды қоғам қалыптастырудың ақпараттық-коммуникативтік алаңы ретінде;  Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі;  Қазақ әдебиеті мен өнерінің интеллектуалды құндылықтарды қалыптастырудағы орны;  Білім мен ғылым  - өркениетті қоғам қалыптастырудың интеллектуалды қоры ретінде; Интеллектуалды әлеуетті арттырудағы  гуманитарлық технологиялардың маңызы сияқты тақырыптар талқылануда. Конфереция барысында бұқаралық коммуникация, медиасемиотика және мәдениеттану салаларын зерттеуші ғалымдардың «Интеллектуалды ұлттан - интеллектуалды әлеуетке»  атты ұжымдық монографиясы мен  www.intelligent.kz гуманитарлық зерттеулер порталының  тұсаукесері болады деп жоспарлануда.