Алматыда «Медиатехауыл» және Адам капиталын дамыту бағдарламасы - жол картасы» бағдарламасының тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Елдегі реформалардан, және экономиканың дамуынан ауыл қалып қойды. Оны Халықаралық адам капиталы инстиутының директоры Жанұзақ Әкім бүгін Алматыда өткен «Медиатехауыл» және Адам капиталын дамыту бағдарламасы - жол картасы» бағдарламасының тұсаукесеріне арналған ғылыми конференцияда айтты.
None
None

«7 мыңнан астам ауылда халықтың 45-47 пайызы тұрады. Сондықтан олардың әлуеметтік-экономикалық дамуын жеделдетуді жүйелі түрле көтеру керек. Ол үшін 2013-2014 жылдары тұрғындары 2 мыңнан асатын ауылдар мен аудан орталықтарында, ал 2014-2016 жылдары қалған ауылдарда алдымен интернет кафелер, кітап дүкендерін, кітапханалар мен кинозалдар ашу қажет», - дейді биология ғылымының кандидаты, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Жанұзақ Әкім.

Оның айтуынша, 2013-2016 жылдары барлық ауылда қаржы институттарының, оның ішінде, «ҚазаАгро» мен Қаржы серіктестерінің және негізгі банктердің филиалдарын, өкілдіктерін ашу керек. Себебі шалғай ауылдағы адамдар қаржылық институттардан алыс болғандықтан несие алып, кәсіпкерлікке араласып, ауылды дамыта алмай отыр. Біз ауылдың дамуы үшін оларға ең бірінші кезекте жағдай жасауымыз керек.

Соңғы жаңалықтар