Алматыда медиаторлардың халықаралық форумы өтеді
АЛМАТЫ. 20 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 5 тамызда «Әлемдік қоғамдастықта медиаторлардың өзара әрекеттестігінің тиімді институтын құру» деп аталатын ІІ Халықаралық форум өтеді.
ҚР Тұңғыш Президенті қорында өтетін бұл шараны "Медиация" бірыңғай медиация және келісім орталығы ұйымдастырып отыр. Оған сот корпусы, құқық қорғау органдары, заңдық қоғамдастық өкілдері, корпоративтік құқық саласының мамандары, жоғары және орта деңгейдегі менеджерлер, психологтар, әлеуметтанушылар, оқытушы ғалымдар мен әртүрлі салада жұмыс жасап жүрген медиаторлар шақырылған. Алғашқы халықаралық форум бұған дейін Алматыда 2010 жылы 7 желтоқсанда өткен еді. Биыл бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 28 қаңтарда қол қойған "Медиация туралы" ҚР Заңның күшіне енуімен тұспа-тұс келіп отыр.