Алматыда медицина ғимаратына ағаш құлап, шатыры мен қоршауын қиратты

АЛМАТЫ. ҚАзАқпарат – Алматыда Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына ағаш құлап, шатыры мен қоршауын қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда медицина ғимаратына ағаш құлап, шатыры мен қоршауын қиратты

«Бүгін таңғы 06: 02- де Алматы қалалық ТЖД кезекші пультіне республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының медбикесі хабарласты. Ол Алмалы ауданы, Амангелді 88 мекенжайында орналасқан бір қабатты ғимараттың шатыры мен қоршауына ағаш құлағанын және ғимарат қабырғасында жарықшақ пайда болғанын айтты»,- делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.

Орталық қызметкерлері 21 науқас пен 11 медициналық персоналды басқа ғимаратқа ауыстырды. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы қаласының құтқару қызметі жою жұмыстарымен айналысып жатыр.