Алматыда медицина қызметкерлері арасында көңілділер мен тапқырлар ойыны өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Медеу ауданының медицина мекемелерінің қызметкерлері арасында «Жанрдың классикасы» ұранымен көңілділілер мен тапқырлар клубы (КТК) ойыны өтіп жатыр.
Оқушылар сарайының үлкен концерт залындағы бұл шара Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласындағы Мәдениет жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Оған ауданның емдеу-сауықтыру мекемелерінен 7 топ қатысуда. 4 кезеңнен тұратын тұратын бұл сайыста олар: сәлем беру, БРИЗ байқауы, кинобайқау және үй тапсырмасы бойынша сынға түсуде. Оған құрамында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Р.Қуанышбекова, денсаулық сақтау ісінің ардагері Т.Ізмұхамбетов, Медеу ауданы республикалық медициналық бірлестіктің бас дәрігері Ж.Қасымжанова, Мемлекеттік медициналық колледжінің медбике ісі кафедрасының меңгерушісі М.Абабкова сияқты азаматтардан құралған қазылар алқасы төрелік етуде