Алматыда медицина қызметкерлері марапатталуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекелік шара медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жиын барысында еңбегімен еленген Алмалы ауданының бірқатар медицина қызметкерлері аудан әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен бірге, «Нұр Отан» ХДП-ның Алмалы аудандық бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Александр Братенков мереке иелерін құттықтап, партия атынан сыйлықтар табыстады.
«2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасымен бірнеше медицина орталықтары күрделі жөндеуден өткен болатын. Осы жылы 350 орындық жедел медициналық көмек ауруханасының құрылысы аяқталғалы отыр. Алмалы ауданы бойынша барша медициналық қызметкерлер 5655 адамды құрайды. Оның ішінде дәрігерлер - 1377, орта буын қызметкерлері - 2071 болса, басқа да шаруашылықтарға байланысты 1496 адам жұмыс істейді. Осы сәтті пайдалана отырып бүгінгі қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймын. Болашақта да игілікті істеріңізді абыройлы жалғастыра берулеріңізге тілектеспін», деді Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков.
Қазіргі таңда Алмалы ауданында 19 медициналық мекеме, оның ішінде 9 емхана, 10 мамандандырылған сауықтыру мекемесі қызмет көрсетеді. Былтырғы жылы қалалық медициналық колледж, аумақтық-диагностикалық орталық және ҰОС ардагерлері емханасы жөндеуден өткен болатын. Әкімнің айтуынша, бұл істер «Жол картасы» бағдарламасы аясында биыл да өз жалғасын таппақ.
Басқосу Бақтияр Тайлақбаев, «FM» тобы және басқа да өнер иелері қатысқан мерекелік ән кешімен аяқталды.