Алматыда медицина қызметкерлеріне 8,8 млрд теңге үстемеақы төленді
«Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйым қызметкерлеріне қауіп тобы бойынша үстемеақы төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19 вирусына қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйым қызметкерлеріне наурыздан бастап 8 млрд 890 млн теңге төленді»,– дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.
Ай сайынғы төлемдер:
–Наурыз айында 3 766 медицина қызметкері - 1 млрд 262 млн теңге.
– Сәуір айында 5 474 медицина қызметкері - 1 млрд 511 млн теңге.
– Мамыр айында 5 043 медицина қызметкері - 1 млрд 518 млн теңге.
–Маусым айында 5 432 медицина қызметкері - 1 млрд 805 млн теңге.
– Шілде айында 7 550 медицина қызметкері - 2 млрд 792 млн теңге.
«Сонымен қатар, бірінші тәуекел тобының медициналық қызметкерлері жатын орынмен, күніне үш мәрте тамақпен және көлікпен қамтамасыз етілді. Екі мың медицина қызметкеріне Алматы қаласының 18 қонақ үйінде бөлме берілді»,– деді ол.