Алматыда медициналық маска жеткілікті ме

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының коронавирустың алдын алу эқніндегі аймақтық штабы медициналық маскалар шығаратын өндіріс орнына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда медициналық маска жеткілікті ме

Коронавирус инфекциясының таралуын ескерту жөніндегі республикалық штаб төрағасы Б.Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматының аймақтық штабы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасымен бірлесіп, медициналық маска шығаратын «Dolce Farm» ЖШС фармацевтикалық кәсіпорнына барды.


Тексеру барысында өндірістік қуатқа көңіл бөлінді. Айына кәсіпорында 2,5 млн дана маска шығарылады. Маскаларды автоматты және қолмен өндіруге арналған шикізат қоры жеткілікті деңгейде.


Сонымен қатар, ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) мен тұмау эпидемиясының өршуін, сондай-ақ коронавирус індетінің таралуының алдын алуды ескере отырып, кәсіпорын тәулік бойғы (үш ауысымдық) жұмыс режиміне көшті. Маска шығаруға арналған шикізат қорын одан әрі ұлғайту үшін шетелдік жеткізушілермен келіссөз жүріп жатыр.


Бұдан бөлек, медициналық маска сатудың өндірістік сызбасы мен тәртібі тексеріліп, фармацевтика саласын, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидасы негізінде медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін дамыту перспективалары талқыланды.