Алматыда Mega Alma-Ata орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның фрагменті құлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда нөсер жауынның салдарынан Mega Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның сынығы еденге құлады. Бұл туралы жаңа ғана Mega Center Management коммуникация департаментінен хабарлады.

Алматыда Mega Alma-Ata орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның фрагменті құлады

«Бүгін Алматыда күндізгі сағат 13:20-да MEGA-2-нің төбесінен гипсокартонның бір сынығы еденге құлады. Оған су ағатын құбырдың жарылуы себеп болды. Қазір оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - делінген департаменттің хабарламасында.

Айта кетелік, бұған дейін нөсер жауынның салдарынан әл-Фараби даңғылын су басқандығы және Есентай Молл кешені тұсындағы жерасты өткелінің суға толғандығы туралы хабарланған болатын.