18:52, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Алматыда «MEGA ALMATY» ойын-сауық кешенінің алаңқайында Алматы қаласының Күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтеді
АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 18 қыркүйек күні «MEGA ALMATY» ойын-сауық кешенінің алаңқайында Алматы қаласының Күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтеді.

Шара аясында аудан тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұсынылады.
Мерекеге орай, Бостандық ауданының әкімі Зәуре Аманжолова «Үздік учаскелік инспектор», «Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері», «Білім саласының үздік қызметкері», «Үздік пәтер иелерінің кооперативі», «Үздік орта және шағын бизнес кәсіпорны» және т.б. номинациялардың жеңімпаздарын анықтап, бағалы сыйлықтар табыс ететін болады. Сондай-ақ, мерекелік шарада ауданның шығармашылық ұжымдары, спорт мектептері мен аула клубтары тұрғындарға өз өнерлерін паш етеді.