Алматыда Мексика консулдығы ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мексика консулдығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Консулдықтың жұмысы екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Салтанатты шараға Венгрия, Бельгия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің елшілері арнайы келіп, құттықтау сөздерін айтты.
«Бұл консулдықтың екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға септесетініне сенімім мол. Біздің елдің азаматтарына Мексикаға виза алу мәселесі де жеңілдей түседі деген ойдамын. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек», – деді Мексиканың Қазақстандағы құрметті консулы Ерқанат Қожахметов.