16:29, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда мектеп оқушылары арасында баскетболдан қала біріншілігі өтті
АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мектеп оқушылары арасында баскетболдан дәстүрлі қала біріншілігі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған ұлдар арасында - 6, ал қыздар арасында 4 команда қатысты. Бірнеше күнге созылған бұл бәсекеге Александр Мельниченко бастаған қазылар алқасы төрелік жасаған болатын. Тартысты өткен сайыста №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бірінші орынға ие болды. №79 мектептің оқушылары қыздар арасында екінші, ұлдар арасында үшінші орын алды. Онда ұлдар арасында екінші орынды №133 мектептің командасы иеленді. Ал үздік үштікті қыздар арасында №131 мектептің баскетболшылары түйіндеді.