Алматыда мектеп жанындағы лагерге баратын 30 мыңнан астам оқушы тегін тамақтанады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мектеп жанындағы лагерге баратын 30 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен 250 млн тенге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір мектептерде жазғы лагерьлер ашылды. Уақытылы тамақтану балалар үшін өте маңызды, бірақ бұл көптеген ата-аналар үшін қымбат. Шешім бар ма?»,- деп сұрады қала басшысымен кездесуге келген Түрксіб ауданының тұрғыны.

Ерболат Досаев мектеп жанындағы лагерлерге баратын бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатынын жеткізді.

«Биыл біз мұндай мәселеге ерекше назар аудардық. 1-ден 4-сыныпқа дейінгі балалар үшін 10 күндік мектеп жанындағы лагерлерге 250 млн теңге бөлуге келісім бердім. 30 мыңнан астам баланы тегін тамақпен қамтамасыз етеміз. Бәрі жақсы болады»,- деді ол.

Айта кетпейік, балалар мектеп жанындағы лагерьлерге сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін 10 күн барады. Әлеуметтік жағдайына қарамастан ыстық тамақ барлығына тегін беріледі.

Сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 3500-ден астам оқушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдер жергілікті бюджет есебінен жазғы қала сыртындағы демалыспен қамтылатын болады.


Соңғы жаңалықтар
telegram