18:13, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Алматыда мемқызметшіге пара бермек болған азамат ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемқызметшіге пара бермек болған бойжаткен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бойжеткен департамент қызметкеріне әкімшілік жазаға тартпауы үшін 25 мың теңге көлемінде пара беруге тырысқан.
Қазір аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді.
Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мемлекеттік қызметшіге пара берген адамдар пара көлемінен 20 есе артық сома көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін екендігін ескертеді.
Сондай-ақ, 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
«Қызметшілер тарапынан құқықбұзушылық байқаған адамдар ішкі қауіпсіздік басқармасының 279-29-56, 8 778 918 60 15 нөмірлеріне хабарлассын» - деді Департамент басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.