Алматыда мемлекет қажеттілігіне жерлерді қайтарумен айналысатын мекеме ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мемлекеттік қажеттілікке жер учаскелерін алумен айналысатын кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір әкімдікте 21 ірі жоба жүзеге асып жатыр. Бұл жобалар жүзеге асу үшін көп нысандар сүрілетін болады.
«Бүгінде бізде 600-700 учаске күрелуі тиіс. Бұл қыруар жұмыс болмақ. Мұны тек бір ғана басқара тындыра алмайды. Болашақта бұл жұмыстың тыңғылықты әрі мерзімінде орындалуы үшін арнайы кәсіпорын ашуды ұсынып отырмыз», - деді қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов.
Оның айтуынша, Алматы қаласының жаңа мәртебесі туралы заң да осыған мүмкіндік беріп отыр.
«Алматы агломерациясын дамыту – 2050» бағдарламасын, «Алматы-2050» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кешенді жасалып жатыр. Бұл жоспарға сәйкес қаланың шеткі аудандарын дамыту көзделген. Қазір бізде 21 жоба қолға алынып жатыр. Ал бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 600-700 жер учаскесі мемлекет қажеттілігіне алынуы керек. Әр мүлік иесімен сапалы жұмыс жүргізу үшін бір ғана басқарманың күші жетпейді. Бұл - үлкен әлеуметтік мәселе. Көп жағдайда бұл адамдардың жалғыз баспанасы болып жатыр», - деді басқарма басшысы.