Алматыда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобасын әзірлеуші жұмыс тобының мәжілісі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бұл жұмыс тобының кезекті 3-ші отырысы. Біздің бұған дейінгі мәжілісіміз Астанада өткен болатын. Онда бірқатар нәрселерді талқылаған едік. Содан бері біраз үкіметтік емес ұйымдардан ұсыныстар келіп түсті. Оларды саралап кестеге түсірдік. Алғашқы сөзді мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырудың халықаралық тәжірибелерінен бастасақ", деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев. Оның айтуынша, бұл басқосуға мемлекеттік органдардың өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысып отыр. Бұл жиында "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылады.