Алматыда мемлекеттік қызмет түрлерінің жәрмеңкесі өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  мемлекеттік  қызмет түрлерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қаласы әкімі аппаратының «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау алаңында мемлекеттік  қызмет жәрмеңкесі өтті. Аталған  шараны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті  мен  Алматы қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары және басқа да  бағыттар бойынша  мемлекеттік қызмет көрсететін 23 мемлекеттік орган қатысты. Бүгін жәрмеңкеге 922 адам келді, олардың 727-і тиісті кеңес алса, 195 адамға тікелей қызмет көрсетілді.

Жәрмеңкенің  басты  мақсаты - халыққа  көрсетілетін мемлекеттік  қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру.

Жалпы, Алматы қаласында 478 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, ұсынылатын қызметтердің жалпы саны 353.

Бүгінгі күні мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы  мемлекеттік  қызметтердің 60%-ы  көрсетіледі.

Электронды цифрлы кілті алғысы келетіндердің барлығына 15 минут ішінде қызмет көрсетілді, олар бұл мүмкіндікке  үйлерінен  шықпай-ақ қол жеткізе алады әрі уақыттарын үнемдейді.

Жәрмеңкеге  келушілердің басым көпшілігі  салық төлемдерін жүргізудің тәртібі мен шарты, адвокаттық және наториалдық қызмет бойынша лицензиялар алу, жер телімдері, жылжымайтын мүліктерді ресімдеу туралы сұрақтар қойды.

Көпшілік тарапынан электронды цифрлы қолтаңба, мекенжайы және сотталмағандығы туралы анықтама алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқықтары, медицина ұйымдарына тіркелу және электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сауалдар көп  түсті.

40 адамнан медициналық ұйымдарға тіркеу бойынша өтінім беріліп, оларға электронды цифрлы қолтаңба алған соң қызмет көрсетілді.

Мұндай  мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі қаланың барлық ауданында жалғасатын болады. Жақын арады Түрксіб және Наурызбай аудандарында жәрмеңке өткізу жоспарланған. 

Айта кетейік, «Алматы - 2020» дамыту бағдарламасында Сапалы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде халықтың осал топтары үшін сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселесі қамтылған.

«Қаламызды әрі қарай дамыту мақсаттарына қол жеткізу жаңа әлеуметтік саясаттың сапасы мен тиімділігіне байланысты.
Жұмсыссыздық деңгейін 5%-ға дейін қысқарту еңбек нарығын дамыту мен қала халқын әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарына айналады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру үшін күш-жігер жұмыссыздарды еңбек нарығында барынша сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бағытталатын болады. Тұрмысы төмен адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету атаулы әлеуметтік көмекке және тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту жолымен халықтың табысы деңгейін арттыруға негізделеді. Алдағы 5 жылда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жүйелі түрде көтеріліп, ал атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ға дейін жеткізіледі. Бұл ретте мемлекеттен берілетін көмекке мұқтаж адамдарды тек жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Көмек сандық мөлшерде ғана емес, сонымен бірге қаланың көмекке мұқтаж тұрғындарының барынша өзін-өзі танытуы (самореализация) және әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасаудан көрінуі тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды 100%-дық қамту бйынша шаралар қабылданады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз қалалық ортаны құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары жалғасын табады. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызмет азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін болады (тұрмысы төмен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне Жеңіс Күнінің қарсаңында материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға, ҰОС жылдары, Ауғанстанда және Чернобыль АЭС апаты кезінде қайтыс болған адамдардың жесірлері мен отбасыларына бір жолғы материалдық көмек көрсету және т.б.), - деп көрсетілген.


Фото: liter.kz

Соңғы жаңалықтар