Алматыда мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтықпен айналысқан адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтықпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
None
None

Күдікті – 1983 жылы туған К. есімді азамат, Алматы облысының тумасы.

Ол тендер өткізу ресурсы арқылы тапсырыс берушілерді тауып, оларға электр қондырғыларын орнату және нысандарды салу үшін қысқа мерзімде тауар жеткізу бойынша өз қызметтерін ұсынған.

Ер адам жоқ электронды шот-фактураларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қолдан жасаған. Осылайша ол адал кәсіпкерлерді адастырды.

«Полицияға 15-тен астам адам жүгінген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, полиция К. мырзаның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтардың Алмалы аудандық полиция басқармасына хабарласуын өтінеді.


Соңғы жаңалықтар