Алматыда «Мемлекеттік тіл ? ел тұтастығының басты кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Наурыздың 26-сы күні Алматыда ҚР Президентінің халыққа Жолдауы аясында «Мемлекеттік тіл – ел тұтастығының басты кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынды Халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті мен «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер одағына кіретін «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, оралмандардың «Асар» бірлестігі, халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоры, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі, «Ұлттық журналистік зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Басқосудың мақсаты ? ел тұтастығын қалыптастыру кепілі неде; мемлекетті нығайту тетіктеріне азаматтық қоғам қандай үлес қосуда, атап айтқанда Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті толыққанды пайдаланылуда ма; еліміздегі мемлекеттік мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары жастарды сыйластыққа, ынтымақ-бірлікке тәрбиелеп, бір-бірін түсінуге ықпал ете ме, деген сияқты келелі сұрақтарға жауап іздеу. Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттілігін, халықтың бірлігін, адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын нығайтуда еліміздегі этникалық топтардың алар орнын талқылап, «Бір мемлекет ? бір ұлт» қағидатына сай, Еліміздің тұтастығын қалыптастыратын ұтымды жолдарды сараптап-саралау.