Алматыда мемлекеттік тілдің білім мен құқықтық шығармашылық үдерісінде қолданылуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 30 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім және құқықтық шығармашылық үдерісінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болады.
None
None

Конференцияға Алматы қаласының құқық қорғау органдарының және білім беру департаменттерінің қызметкерлері, арнайы шақырылған қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатыспақ. Онда «Мемлекеттік тіл - біздің өміріміздің сарқылмас арнасы», «Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми-теориялық ой-пікірлер», «Сот өндірісінде мемлекеттік тілдің қолданылу жай-күйі», «Құқық саласы атаулары қазақша қолданылуы», «Мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері», «Ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудағы мемлекеттік тіл мәртебесі» деген тақырыптар бойынша арнайы баяндамалар жасалады деп жоспарлануда.

Қонақтар арасында Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің А.Калматов, А.Тоқтоғұлов, Ш.Мүслимов, С.Сыдықов, Р. Келдібеков сияқты депутаттары бар. Сондай-ақ ҚР ҰҒА академигі С. Сартаев, профессорТ. Ағдарбеков, заң ғылымдарының докторы Р.Нұртаев, филология ғылымдарының докторы Ы. Ақайұлы, заң ғылымдарының кандидаттары, профессор Е. Нұғыманов пен М. Төлеген секілді ғалымдар шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар