Алматыда мемлекеттік тілдің үздік мамандары арнайы сый-сияпатқа ие болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шара Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған "Ана тілім ардағым" деп аталатын фестивалде жасалды. Онда түрлі қалалық байқауларда 1-3 орын алғандарға Ахметжан Смағұлұлы "HP CONPAQ", "SAMSUNG", "Е-Machines" ноутбуктері мен электрондық фото жиектемесін табыс етті. Олар - мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілінде іс жүргізе білетін мамандар арасынан үздік аудармашлыарды табу мақсатында өткізілген "Үздік аудармашы" байқауының жеңімпазы Гүлмира Монтаева, жүлдегер Оралжан Масатбаев пен Шолпан Әділшинова. "Мемлекеттік тіл - менің тілім" байқауында 1-3 орынды бөліскен Бостандық ауданының "Бостандық", Түркісіб ауданының "Өркен", Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апат және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының "Тілге құрмет - елге құрмет" топтары. Қазақ тілін оқыту ісінің сапасын арттыруға бағытталған "Қазақ тілінің үздік оқытушысы" байқауында топ жарған "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тамара Жұмағұлова және оқытушылары Светлана Әзербаева мен Ғалия Дүйсембина. Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХІІ байқауынң жеңімпазы №36 мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлмира Шойжанова, №147 мектептің 11-ші сынып оқушысы Рүстем Әлпиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3-ші курс студенті Жансая Үмбетова, "Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгерген жастар қатысқан "Тілдарын-2010" олимпиадасының үздіктері Халықаралық бизнес универнситетінің студенті Әсел Сәрсенбаева, Азина Мақұлжан, Авиация колледжінің мұғалімі Жеңіс Қаламбаев марапатталды.