14:19, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматыда мемлекеттік тұрғын үйге арналған қаражат қолды болды
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Prime XXI LLC» ЖШС-нің басшыларына және анықталмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабы, 3 тармағы, «б» пункті бойынша (сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену немесе жұсау) қозғалып отыр.
«Аталған тұлғалар қаржылық жауапкершілікті адамдар бола тұра, 2010 жылы «Алғабас» шағынауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынуы тиіс тұрғын үйлерге бөлінген бюджет қаражатынан 31 млн. теңгені қымқырған», - делінген хабарламада.
Істің анық-қанығы әзірге жарияланбай отыр.