Алматыда мемлекеттік жастар саясаты талқылануда

 АЛМАТЫ. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін Алматыда Саяси шешімдер институты клубында "Мемлекеттік жастар саясаты: тиімді адам капиталы немесе жүзеге асырылмаған мүмкіндіктер" деп аталатын алқалы жиын өтіп жатыр,

Алматыда мемлекеттік жастар саясаты талқылануда

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   "2008 жылдың мамыр айында өткен жастар форумында Елбасы  2010-2014 жылдарға арналған жастар саясатын жүзеге асыруға  кешенді мемлекеттік бағдарлама  жасау үшін ҚР Президенті жанында Жастар саясаты кеңесін құру идеясын көтерген болатын. Қазір Қазақстандағы жастар саясатының нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру көкейкесті мәселе. Бірқатар сарапшылар  білім беру деңгейінің төмендегенін,  құндылық бағдарларының дағдарысын және  олардың мүмкіндіктерінің жүзеге асырылмауын атап көрсетіп отыр. Олар бұған,  сондай-ақ  жастар саясатын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік органдар жұмысының әлсіздігі, қабылданған шаралардың декаративтік сипаты, оны ұйымдастырудың жобалау әдісі мен жүйесіздігін де қосуда", дейді Саяси шешімдер институты клубының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Алмас Садықов. Оның айтуынша, бұл шараға  әлеуметтанушылар, педагогтар, жас мамандар мен ғалымдар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері және ресми және бейресми жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда. Олар:  Жастар саясаты қалай жүзеге асырылып жатыр? Ел тұрғындарының үштен бірін жастар құрайтын ел болашағы бүгін қаншалықты қорғалған? Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық талаптар жастардың рухани, мәдени, білім беру, кәсіби және  дене шынықтыруын дамытып, әлеуетін аша ма?, деген сауалдарға жауап іздестіруде.