Алматыда мемлекттік құрылыстың тәжірибесі туралы халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 21-22 күндері «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік құрылыстың тәжірибесі және әлеуметтік-саяси жаңарудың болашағы» деген тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

Алматыда мемлекттік құрылыстың тәжірибесі туралы халықаралық конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны ҚРБілім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институты Қазақстандағы Президенттік институттың 20 жылдығына орай ұйымдастырып отыр. Конференция жұмысына Англия, Әзірбайжан, Беларус, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия сияқты алыс-жақын шет елдерден танымал ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік, қоғамдық және саяси қайраткерлер қатыспақ. Сөз сөйлеушлер арасында ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев, Рэдинг университетінің деканы Е. Колюжнова (Ұлыбритания), Беларус ҰҒА Философия институтының директоры А. Лазаревич, РҒА СБ жетекші ғылыми қызметкері О. Нечипоренко (Ресей), Сорбонна университетіндегі СЕДИМЕС халықаралық институтының президенті Клод Албагли (Франция), ҚР ҰҒА академигі Ж.М. Әбділдин, ҚР Парламент депутаттары - А. Бижанов, А. Башмаков, Ғ. Есім мен К. Бұрханов бар.

«Мемлекеттік биліктің тиімді қызметі қазақстандық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Алайда қоғамның реформалар жолымен одан әрі жылжуы елдің әлеуметтік-саяси жаңаруының жаңа кезеңін және геосаяси ахуалды ескере отырып мемлекеттік құрылыс үрдістерін, президенттік институтты ғылыми зерттеуді өзектілендіруде. Бұл конференция мемлекеттіліктің дамуының маңызды бағыттарында, одан ары индустриялды-инновациялық және орнықты даму барысында елдің алдынан шыққан мәселелерді кешенді түрде пайымдауға бағдарланады. Конференцияға қатысушыларға жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі басқарудың президенттік формасы институтының, демократияның қалыптасуы мен дамуының аса маңызды мәселелерін талқылауға, алыс-жақын шет елдердегі президенттік институтының қызмет ету тәжірибелері жөнінде ғылыми ақпарат алмасуға мүмкіндік туады», дейді Философия және саясаттау институтының директоры Әбдімәлік Нысанбаев.