Алматыда «Мен де өзгелер сияқтымын» шарасы өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - «Әлем» Тор» ынталандыру тобы 2010 жылдың 1 ақпанында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «Мен де өзгелер сияқтымын» атты концерттік шара өткізбек,

Алматыда «Мен де өзгелер сияқтымын» шарасы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі Халықаралық мүгедектер күнi атаулы күні бар.

«Қазір көптеген қайырымдылық шаралар, эстрадалық әншілердің қатысуымен концерттер ұйымдастырылып тұрады. Ал, біздің жобамыздың өзгешелігі, онда кемтар жандар өздері ән салып, басқа адамдармен өздерін тең дәрежеде сезінуіне жағдай жасалмақ», дейді жобаның жетекшісі Айдит Жүнісов.

Бұл жобадан тыс мүмкiндiгi шектеулi балаларға қамқорлыққа бiлiм беретiн орталықтарды тарту және мүгедек жандардың шығармашылық қабілетін дамытуына ЖОО мен мекемелер тартылмақ.